Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парламентаралық Одақ Бас хатшысы Хиуадағы мәдени мұрамен танысты
15:50 / 2025-04-12

Ташкентте өткен Парламентаралық Одақтың 150 жылдық мерейтойлық Ассамблеясы аясында делегаттар Өзбекстанның тарихи мұраларымен етене танысуға мүмкіндік алды.

Атап айтқанда, Парламентаралық одақтың Бас хатшысы Мартин Чунгонг пен ДДСҰ-ның денсаулық қауіпсіздігі департаментінің директоры Стелла Чунгонг ежелгі Хорезм өлкесіне барды.

Құрметті меймандарды Үргеніш халықаралық әуежайында жергілікті билік өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.

Сапар барысында олар Хиуа қаласының жүрегіндегі көне «Ичан қаланы» аралап, өзбек халқының бай тарихи-мәдени мұрасымен, ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық дәстүрлерімен танысты.

Меймандарды әсіресе көне мұнаралар мен сауда орындары, қолөнер шеберханалары қатты қызықтырды. Қонақтар «Ичан қаланың» көркем архитектурасына тәнті болып, бұл мекенді адамзат өркениетінің баға жетпес інжу-маржаны деп бағалады.

Мәдени бағдарлама аясында Хорезмнің ұлттық тағамдары ұсынылып, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі мен халқышылық өнер үлгілері көрсетілді. Салтанатты шараға ұлттық би де әр берді.

– Өзбекстанда өткен Парламентаралық одақтың мерейтойлық Ассамблеясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұған шын жүректен алғыс айтамыз, – деді Бас хатшы Мартин Чунгонг. – Ташкенттік жастарға жасалған жағдайларды көріп, еліңізде жас буын өкілдерінің болашағы жарқын екеніне көзіміз жетті. Ал бүгінгі Хорезм сапары бізге ерекше әсер қалдырды. Хиуа – шынымен де ертегі әлемінен түскендей қала. Өткен тарих пен заманауи дамудың тоғысқан нүктесі. Елдің мәдениеті мен ұлттық киімдері, әсіресе, нан пісірудің ерекше тәсілі бізге қатты ұнады. Шын мәнінде, Хорезм – тек ежелгі тарихтың ғана емес, болашаққа бастар рухани байлықтың мекені.