Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парламентаралық Ассамблея сессиясында Танзила Нарбаева сөз сөйледі
13:41 / 2024-11-25

Өзбекстан парламенті делегациясы Санкт-Петербургте өткен ТМД Парламентаралыұ Ассамблеясының 57-сессиясына қатысты.

Сессияда сөз сөйлеген Олий Мажлис Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева Өзбекстан тарапынан ұсынылған бастамаларды алға тартты.

Жиын барысында парламент мүшелері сайлау процесін халықаралық бақылау институтының демократияны дамытудағы рөлін талқылады. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының демократиялық қағидаларды ілгерілетудегі, парламентаризм мен азаматтық қоғам институттарын дамытудағы, халықтар арасындағы ынтымақты нығайтудағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.

Ассамблеяның бақылау миссиялары осы уақытқа дейін 100-ден астам сайлау кампаниясын қадағалауға қатысты, оның құрамында Өзбекстан парламентінің мүшелері де белсенділік танытты.

Қатысушылар Өзбекстан Президентінің бастамасымен құрылған Сайлау органдары басшыларының консультациялық кеңесінің жұмысына ерекше назар аударды.

Сессия барысында Өзбекстан парламент делегациясының мүшелері көпжақты ынтымақтастықты нығайтатын, заң шығару бастамаларын көрсететін және ел мүддесіне қызмет ететін үлгі заңдар мен ұсыныстарды қолдады.

***

Айтулы жиын аясында Сенат Төрағасы Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесті.

В. Матвиенко мен М. Әшімбаев Т. Нарбаеваны Сенат төрайымы лауазымына сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Кездесуде Өзбекстан парламентімен ынтымақтастықты жаңа мазмұнмен байыту, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және аймақтық өкілдік органдары арасында тиімді диалог орнату мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар, ТМД Парламентаралық Ассамблеяның күн тәртібіндегі маңызды міндеттер мен парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.