Парламент Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы туралы заң жобасын қабылдады
ӨР Олий Мажлис Заң шығару палатасының кезекті отырысы өтіп, онда «Мемлекеттік шекара туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын түсінбеушіліктерді жою, Өзбекстан аумағындағы шекаралық режимде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін күшейту мақсатында аталған заң жобасы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе мен заман талабын ескере отырып әзірленді.
Ұсынылып отырған заң жобасын қабылдау мемлекеттік шекараны сенімді күзету мен қорғауға қызмет етеді.
Атаулы заң жобасын депутаттар мақұлдады.