Парижде қарулы қылмыскерлер «Place Vendome» зергерлік дүкенін тонап, құны 10 миллион еуроға жуық зергерлік бұйымдарды алып кетті.
Reuters-тің хабарлауынша, ұрлаушылар тобының екеуін полиция ұстаған. Олар әйгілі Bulgari брендінің зергерлік бұйымдары мен әшекей бұйымдарын ұрлағаны белгілі болды.
Агенттіктің хабарлауынша, қарулы күштер ұрлық жайлы белгі алғаннан кейін, үш күдікті көлікті, сондай-ақ екі скутермен келе жатқан адамдарды қуған. Осы операция барысында сұр түсті BMW көлігінде болған күдіктілер Париж орталығында көлікт тастап қашқан.
Полиция қызметкерінің айтуынша, қылмыскерлердің біреуі аяғына оқ тиіп жаралан соң ұсталды. «Forum des Halles» жер асты автотұрағына паналаған екінші адам да қолға түскен. Бірақ дүкен тонаған қылмыскерлердің қалған үш мүшесі қашып үлгерді, - деген ол.
Бұл оқиға соңғы екі ай ішінде Париждегі зергерлік дүкендерінде орын алған үшінші ұрлық.