Париждегі халықаралық көрмеде Өзбекстанның туристік әлеуетіне арналған фильмнің премьерасы өтті
Франция астанасы Париж қаласында 47-ші халықаралық «Mondiale du Tourisme» көрмесі өтті.
Көрмеге әлемнің түрлі елдерінен ұлттық туристік әкімшіліктердің, авиакомпаниялар мен туристік агенттіктердің өкілдерімен қатар Өзбекстаннан «Rev Tours» және «Zamin Travel» компанияларының қызметкерлері қатысты.
Өзбекстанның туристік әлеуетін Францияның бірқатар ірі туроператорлары, атап айтқанда, көпжылдық серіктесі «Salaun Holidays» компаниясы таныстырған.
Естеріңізге сала кетейік, «Оzbekistan, au pays des Mille et une vies» деректі фильмі 2023 жылы осы компанияның қолдауымен түсірілген. Көрменің баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұл фильм көрермендерді Өзбекстанның ең әдемі елді мекендері және оның қонақжай халқымен танысуға шақырады.