Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанаты өзенде өтеді
2024 жыл Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Сена өзенінде өтеді.
«Сена өзені Олимпиада тарихындағы ең әсерлі және ерекше ашылу салтанатын өткізеді. Барлығы үшін ашық, сіздер үшін ашық», - делінген ұйымдастыру комитетінің Twitter-дегі мәлімдемесінде.
Олимпиада ойындарына қатысатын командалардың делегациялары 170-ке жуық қайықтарға орналастырылып, су арқылы алты шақырымдай жолды жүріп өтеді. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша ашылу салтанатын стадионға қарағанда, өзен жағасында тамашалай алатындар он есе көп болады. Мыңдаған көрермен бұл шараға тегін қатыса алады. Бұл ретте тек билетпен ғана алатын аймақтар болады.
2024 жылдың 26 шілдесінде өтетін ашылу салтанатына кем дегенде 600 мың көрермен қатыса деп күтілуде.