206 шілде күні Франция астанасы Париж қаласында ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп, оған 206 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты.
Ашылу салтанаты тарихта бірінші рет стадионда емес, суда – Сена өзенінде өтті. Дәстүрлі ұлттық қайық шеруіне бірінші болып ойындардың негізін қалаушы – Греция құрамасы бастап берді. Одан кейін – босқындар тобы. Содан кейін алфавит бойынша делегациялар жалғастырды.

Олимпиада алауын дзюдошы Тедди Ринер мен жеңіл атлет Мари-Жосе Перек жақты – алау бар доп Франция астанасының аспанына көтерілді. Бұл 1783 жылғы оқиғаларға сілтеме - ол кезде француздар Жозеф-Мишел мен Жак-Этьен Монголф ойлап тапқан әуе шарында бірінші ұшу болған еді. Осыдан кейін әнші Селин Дион Эдит Пиафтың «L'Hymne a l'amour» әнін орындады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу салтанатын 320 мыңға жуық адам, оның ішінде 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары тамашалаған. Төрт сағатқа жуық уақытқа созылған шоуға 3 мыңға жуық әртістер мен бишілер қатысты.