Парижде Өзбекстан туризм форумы өтеді
2025 жылдың 10 наурызда Өзбекстан Туризм комитеті Францияның Париж қаласында Өзбекстан туризм форумын ұйымдастырады.
Форум аясында Өзбекстанның туристік әлеуетін таныстыру, Францияның жетекші туроператорлары мен агенттіктерімен B2B кездесулер өткізу жоспарланған.
Бұл іс-шара іскерлік байланыстарды кеңейтуге, жаңа серіктестік қатынастар орнатуға, Өзбекстанның туристік өнімдері мен бағыттарын халықаралық деңгейде насихаттауға, сондай-ақ келісімдер мен шарттарға қол қою арқылы туристік ағынды арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.
Форум Франция мен Еуропа елдерінің туристік нарығында Өзбекстанның заманауи туристік мүмкіндіктерін, бай мәдени мұрасын және табиғи сұлулығын дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болмақ.