Парижде қыркүйек айынан бастап электрлі самокатты жалға беруге тыйым салынады
Париж мэрі Анн Идальго Париж тұрғындары жалпы қалалық сауалнамада бұл қызмет түріне қарсы шыққаннан кейін француз астанасында биылғы күз мезігінен бастап электрлі самокатты жалға беруге тыйым салатынын айтты.
«1 қыркүйектен бастап Парижде электрлі самокатты жалға алу болмайды. Париждіктер өз таңдауларын жасады, біз олардың шешімін жүзеге асырамыз», - деген Идальго жексенбіде өткен мәселе бойынша дауыс беруді қорытындылаған баспасөз мәслихатында.
Қалалық дауыс беру нәтижесі бойынша париждіктердің 89 пайызы электрлі самокатты жалға беруге қарсы дауыс берген.
Париж тұрғындарының электрлі самокатты жалға беруге қарсы дауыс беруі консультативтік референдум форматында өткен.