Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парижде қауіпсіздік күштері жүздеген мигрантты эвакуациялады
13:01 / 2021-03-26

Француз қауіпсіздік күштері жүздеген мигрантты эвакуациялады. Олар Париждегі Ре-Публлике алаңында 300-ден астам шатыр тіккен.

«Ынтымақ түні» деп аталған бұл кештегі мигранттар лагерьі бірнеше қауымдастықтың қолдауымен құрылды және босқындар биліктен баспана іздеушілерге лайықты баспана беруін талап етіп отыр, делінген Еuronews хабарында.

«Біз адамдарды қауіпсіз жерге орналастыруды тағы бір рет сұраймыз. Бұл адамдардың барлығы заңға сәйкес тұрғын үй алуға құқылы, сондықтан заңды құрметтеуін және бұл адамдардың баспана беруін сұраймыз» деген, Utopia 56 ұйымның мүшесі Николай Познер. 

Мұндай акция Парижде бірінші рет болып тұрған жоқ. Былтыр қарашада дәл осы алаңда орналасқан шатырлы лагерді полиция күштері күш қолданып, бүкіл Францияны дүр сілкіндірген болатын. Бұл жолы эвакуация бейбіт жағдайда өтті. Түн ортасынан кейін бірден билік үйсіз мигранттарды орналастыру операциясын бастады, адамдар жедел жәрдем бөліміне автобуспен жеткізді.