Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парижде Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті
12:39 / 2024-08-29

Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде өтетін жазғы Паралимпиада ойындарын ашық деп жариялады.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Елисей алаңында өтіп, оған 65 мыңға жуық көрермен жиналды.

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында 4400 пара-спортшы спорттың 20 түрінен бақ сынайды. Он бір күнге жалғасатын жарыста пара-спортшылар жалпы 549 паралимпиада жүлдесін сарапқа салады. 

Бүгін, 29 тамызда, ойындардың бірінші күні спорттың 11 түрінен жарыстар өтіп, оның ішінде 4 бағыт бойынша «Париж-2024» Паралимпиада ойындарының алғашқы медальдары өз иелеріне табысталады.

Еске салар болсақ, Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.