Парижде медбикелер жалақыны көтеруді талап етіп наразылық білдірді
Парижде бейсенбі күні медбикелердің медициналық қызмет көрсеткені үшін сыйақыны көтеруді талап еткен демонстрация өтті.
РИА Новости дерегінше, наразылық шеруіне мыңға жуық адам қатысқан.
Наразылық білдірушілердің бірі агенттікке: «Шығындар өсіп жатыр, жанар-жағармай, электр энергиясы, көлік шығындары өсіп жатыр, бірақ жалақы өспейді», - деген.
Сонымен қатар, медбикелер бұл мамандықты қауіптілер қатарына қосуды, зейнетке ерте шығуды, бюрократиялық процедураларды жеңілдетуді талап еткен.