Париж әкімшілігі Франция астанасының бірнеше көшелеріндегі көлік қозғалысының жылдамдығын сағатына 50 -ден 30 шақырымға дейін қысқартты.
ABC News-тің хабарлауынша, жаңа ереже экологиялық жағдайды жақсартуға және жаяу жүргіншілерге ыңғайлығына бағытталған болып, шектеулер 30 тамызда күшіне енген.
Жылдамдықтың шектелуі Париж айналасындағы айналма жолға (Переферик), айналма бульварларға және ірі магистральдарға, соның ішінде Елисейге әсер етпейді.
Бұл учаскелерде рұқсат етілген максималды жылдамдық сағатына 50-70 шақырым. Париж орталығында таңғы 7-ден кешкі 9-ға дейінгі орташа жылдамдық сағатына 11,6 шақырым, ал айналма жолда - 30,9 шақырым. Шектеулерге дейін де велосипедшілер әдетте автокөлік жүргізушілеріне қарағанда жылдамырақ қозғалған.
Париждіктердің көпшілігі (61 пайыз) бұл бастамаға қолдау көрсеткен, бірақ жергілікті жүргізушілер шектеулерге риза емес және олар заң бұзылған деп санайды.
Осы жағдайға орай қала шетінде тұратын Серж есімді жүргізуші, үкіметтің мақсаты менің ойымша апат санын азайту емес, Париждегі көліктерді едәуір азайту немесе жою, оны велосипедшілер мен скутерлер пайдаланатын қалаға айналдыру», - деген.
Лилльде, Гренобльде және Монпельеде қазірдің өзінде сағатына 30 шақырымға дейінгі қозғалыс жылдамдығы енгізілген.