Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Париж Олимпиадасында алтын алған өзбекстандық спортшыларға 200 мың доллар беріледі
16:27 / 2022-02-15

2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында алтын алған өзбекстандық спортшыларға 200 мың доллар сыйақы беріледі.

Бұл туралы Өзбекстан Президентінің «Өзбекстан спортшыларының алдағы жазғы және қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына сәтті қатысуы үшін дайындықты жеделдету туралы» қаулысында айтылған.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 2024 жылы Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада және XVII Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мынадай мөлшерде біржолғы ақшалай сыйлықпен марапатталатын болады:

  • алтын медаль үшін – 200 мың АҚШ доллары;
  • күміс медаль үшін – 100 мың АҚШ доллары;
  • қола медаль үшін – 50 мың АҚШ доллары.

Қаражат мемлекеттік бюджет есебінен жабылады.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық аясында елде өткізілетін спорттық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз ету үшін облысаралық бағыттар бойынша көлік шығындарына (теміржол және әуе билеттері) 2022 жылғы 1 наурыздан 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұлттық құрама мүшелеріне жеңілдіктер енгізіледі.