Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Париж-2024: Өзбекстандық спортшы алғашқы жолдамаға ие болды
13:02 / 2022-06-14

2024 жылы Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына өзбекстандық спортшы тікелей жолдама алды.

Спортты дамыту министрлігінің хабарлауынша, Францияның Шатору қаласында оқ атудан әлем кубогында Өзбекстандық паралимпиадашы Сервер Ибрагимов Париж-2024 ойынына жолдама алды.

4-12 маусым күндері өткен турнирде Сервер Ибрагимов ерлер арасында 50 метрлік тапаншадан 200,7 ұпай жинап, қола медаль, 10 метрлік пневматикалық тапаншадан 217,1 ұпай жинап, күміс медальді жеңіп алды.

Осылайша, бұл нәтижемен Сервер Ибрагимов 2 медаль алып қана қоймай, 2024 жылы Парижде өтетін XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына тікелей лицензияға ие болды.

Айта кетейік, Сервер Ибрагимов Париж-2024 лицензиясын алған алғашқы өзбекстандық спортшысы атанды.