Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Париж-2024: Өзбекстандық екі боксшы жартылай финалға шықты
01:46 / 2024-08-03

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында өзбекстандық жүлдеге таласар боксшылардың қатары арта түсті.

Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы +92 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Бахадыр Жалолов ширек финалда австралиялық Теремоана Теремоананы жеңіп, жартылай финалға шықты. 

Енді ол 7 тамыз күні германиялық Нелви Тиафакқа қарсы финал жолдамасы үшін жұдырықтасады. 

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов (-51 келі) Париж-2024 турниріндегі сәтті қатысуын жалғастырып, жартылай финалға жолдама алды.

Ол ширек финалда азулы қарсыластарының бірі қазақстандық Сәкен Бибосыновты жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шықты.