Париж-2024: Өзбекстандық екі боксшы финалға жол алды
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында өзбекстандық жүлдеге таласар боксшылардың қатары күн өткен сайын арта түсуде.
Атап айтсақ , Өзбекстан құрамасының екі боксшы финалға шықса, тағы екеуі жартылай финал кезеңіне өтті.
Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов (-51 келі) Кабо-Верде боксшысы Давид де Пинамен өткізген жекпе-жекте 5:0 есебінде жеңіске жетті.
Лазизбек Мулложонов (92 кг) жартылай финалда тәжікстандық Давлат Болтаевті 4:1 есебіде жеңіп, финалға шықты.
Осылайша Өзбекстан құрамасының екі боксшы алтын медалға таласатын болды.
Сонымен қатар, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде А.Халоков пен 71 келіге дейінгі салмақта Асадхужа Муйдинхужаев жартылай финалға шығып, қола жүлдені нақтылады.