Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Париж-2024: Руслан Абдуллаев Олимпиада ойындарында жеңілді
16:21 / 2024-08-01

Париж қаласында жазғы Олипиада ойындары жалғасуда.

Олимпиада ойындарында бокстан -63,5 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Руслан Абдуллаев канадалық Вайтт Сэнфордқа қарсы рингке шықты.

Атаулы жекпе-жекте өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп, Олимпиададағы жүрісін тоқтатты.

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев 2002 жылы Ташкент облысы дүниеге келген. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль иегері атанған еді.