Париж-2024: Надаль мен Алькарас жұптық сайыста жеңіліп қалды
Париж Олимпиадасында теннистен жарыс жалғасуда.
Испания құрамасының намысын қорғап жатқан Рафаэль Надаль мен Карлос Алькарас ширек финалда АҚШ өкілдері Раджив Рам мен Остин Крайчикке қарсы кордқа шықты.
2 сағат 24 минутқа созылған ойында испандықтар 2:6, 4:6 есебімен ұтылды.
Енді Рам/Крайчик тандемі Чехияның Махач/Павлашек командасымен күш сынасады.