Париж-2024: Футболдан Өзбекстан әйелдер құрамы Үндістанды жеңді
Ташкент қаласындағы «Бунёдкор» стадионында футболдан Өзбекстан әйелдер құрамасы топтағы соңғы ойынын Үндістан құрамасымен өткізіп, 3:0 есебінде ұтты.
Бұл жеңіс Мидори Хан жетекшілік ететін Өзбекстан әйелдер құрамасын «Париж-2024» Олимпиадасына жолдама беретін 3-кезеңге шығарды.
«Париж-2024» іріктеу кезеңінің «С» тобынан орын алған Өзбекстан әйелдер құрамасы 6 ұпаймен топта 2-орын иегері ретінде келесі кезеңге өтті.


Олимпиада ойындарына қатысудың шешуші кезеңіне Өзбекстан құрамасынан бөлек Австралия, КХДР және Жапония құрамалары да қатысу құқығына ие болды.

Енді осы командалар арасында жеребе тартылып, 2 жұп құрылады. Келер жылдың 24-28 ақпанында екі ойыннан түратын кездесуде жеңген жұптың қос командасы «Париж-2024» Олимпиадасына жолдама алады.
