English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Пари Сен-Жермен» Мессидің трансферін жариялады
08:16 / 2021-08-11

Аргентиналық аладоп шебері Лионель Месси еркін агент ретінде «ПСЖ» клубына қосылды. Бұл туралы француз клубының ресми сайтында хабарланды.

«Алтын доп» марапатының алты дүркін иегері Париждік клубпен 2023 жылға дейін келісімшартқа отырды. Келісім «2+1» түрінде жасалған болып, оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

34 жастағы аргентиналық футболшы француз клубында 30-шы нөмірде ойнайды. Месси алғаш «Барселонада» осы нөмірде ойнаған.

Жергілікті БАҚ беттерінде, Мессидің жылдық жалақысы 35 миллион еуроны құрайды.

«Мен мансабымның жаңа кезеңін ПСЖ-да бастағаныма қуаныштымын. Клубта бәрі менің қалауыма сәйкес келеді. Мен мұнда дарынды команда мен жаттықтырушылар штабы бар екенін білемін және «Парк де Пренс» алаңына шығуды асыға күтемін», - деді Месси келісімшартқа қол қойғаннан кейін.