Паралимпиада-2020. Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медал түсті
Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медал түсті.
-66 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан намысын қорғаған паралимпиадашы Учкун Қуронбаев финалда испандық Серхио Банон Ибанеске қарсы кілемге шығып, «Golden Score» қарсыласын жеңіп, ел құржынына алғашқы алтын алқаны сыйлады.
Осылайша Өзбекстан спорт делегациясының жалпы медал саны үшке жетті. 1 алтын, 1 күміс және 1 қола. Осы нәтижеге орай Өзбекстан медал саны бойынша 162 елдің арасында 16-орыннан жай алды.