Парагвай жаңа президентін сайлады
Дауыстардың 99,47 пайызын санау қорытындысы бойынша президенттік сайлауда билік басындағы «Колорадо» партиясынан Парагвай президенттігіне кандидат Сантьяго Пенья жеңіске жетті.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Сантьяго 42,73 пайыз, оның басты қарсыласы – оппозициялық партиялар одағының атынан шыққан Эфраин Алегре – 27,48 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орынды 22,93 пайыз дауыспен Парагвайо-Кубас иеленді.
Оппозициялық кандидат Эфраин Алегре президенттік сайлауда жеңілгенін мойындап, өз жақтастарын бұдан да көп бірігуге шақырған.
Парагвайдың қазіргі президенті Марио Абдо Бенитес Сантьяго Пеньяны жеңісімен құттықтап, оны елдің сайланған президенті деп атады.