English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парагвай соты Роналдиньоның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады, ол үй қамауында қалады
11:16 / 2020-07-13

Бразилия үкіметі 40 жасты аладоп шеберінің төлқұжатын салықтан жалтарғаны үшін алып қойып, өзін елден шығуына тыйым салған еді


Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Роналдиньо Парагвайда үй қамауында қалатын болды.

«Globo Esporte» басылымының хабарлауынша Парагвай соты «Алтын доп» иегерін үй қамауынан азат ету жөніндегі шағымын қабылдамады. Ол 7 наурызда ағасымен бірге Парагвай шекарасынан жалған төлқұжат пен өткендігі үшін қолға түскен еді. Қамаудағы 32 күннен кейін сот 1,6 миллион еуро көлемінде айыппұл кепілдігімен түрмедегі жазаны шартты үй қамауына ауыстыруға келісім берген.

Бразилия үкіметі 40 жасты аладоп шеберінің төлқұжатын салықтан жалтарғаны үшін алып қойып, өзін елден шығуына тыйым салған еді. Алайда футболшы жалған құжатпен шекара аспақ болғанда қолға түскен. Сот оған сол кезде 6 ай мерзімге қамауға үкім шығарған.