Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Парагвай Президенті Олимпиа қалашығымен танысты
13:48 / 2025-12-12

Ташкент қаласында бой көтерген Олимпиа қалашығы жасампаздық саласында халқымыз мүмкіндіктері мен өзбек спортының әлемдік жетістіктерін айқындайтын ірі нысан саналады.

Елімізге ресми сапармен келген Парагвай Республикасының Президенті Сантьяго Пенья 12 желтоқсан күні сәулеттік жағынан мінсіз, әлемдік стандарттарға сай ең озық инновациялық шешімдерді қамтыған Олимпиа қалашығына барды.

Құрметті мейманға Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икромов және Ұлттық олимпиада комитеті төрағасының бірінші орынбасары Отабек Умаров жолсерік болды.

Шынында да, бүгінде бұл кешен Жаңа Өзбекстанның мүмкіндіктерін тек Азияға ғана емес, бүкіл әлемге көрсетіп келеді. 2022 жылғы 9 қарашада Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қалашық құрылысының алғашқы іргетасын қалаған еді. Жалпы аумағы 100 гектардан асатын бұл кешенде жеңіл атлетика мен футболға мамандандырылған стадион, түрлі спорт жарыстарын өткізуге арналған жабық және ашық нысандар салынды.

[gallery-26691]

Қалашық аумағына орнатылған күн панельдері кешенді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ электромобильдерді қуаттау бекеттері де бар.

Мұнда веложарыстар, үстел теннисі, семсерлесу бойынша турнирлер мен жаттығулар өткізуге барлық жағдай жасалған. 12 мың орындық стадионда 9 жолақты жүгіру жолағыбар және онда жеңіл атлетиканың 48 бағыты бойынша жарыстар мен салтанатты шаралар өткізуге болады.

Су спорты сарайында жүзу және суға секіру бассейндері, сондай-ақ фитнес және тренажер залдары бар. Командалық спорт кешенінде волейбол, баскетбол және гандбол бойынша жаттығулар мен халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік жасалған. Жекпе-жек спорт кешені дзюдо, бокс, таэквондо секілді спорт түрлерін дамытуға серпін береді.

Парагвай Президенті Сантьяго Пенья Олимпиа қалашығымен танысу барысында елімізде спортқа көрсетіліп отырған қамқорлықтың қаншалықты жоғары екеніне шынайы көз жеткізді.

Әлемдік спорт аренасында Өзбекстан туын биікке көтеріп жүрген жастарға жасалған мүмкіндіктердің негізіне тоқталып, Өзбекстан жастары мұндай сенімге әлі де лайық бола беретініне сенім білдірді.

А.РУСТАМОВ,

Н.ХАЙДАРОВ(сурет),

ӨзА