Пара велоспорт: Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатында бірінші орынды иеленді
Таиландта өткен пара велоспорттың шоссе бағыты бойынша Азия чемпионатында Өзбекстан ұлттық құрамасы 12 алтын, 9 күміс және 5 қола, жалпы 26 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Атап айтқанда, чемпионатта Азиз Отахожаев, Маржона Пардобоева, Одина Хамдамова, Рухшона Якубова, Азиза Касимова, Бунёд Хайитмухаммедов, Оғабек Худойберганов және Фотима Саипова өз санаттарында алтын медаль иеленді.

Әр түрлі бағытта жарысқа қатысқан Зарифа Муминова, Баходир Одинаев, Шахноза Хакимова, Жасур Илхомов, Маржона Пардобоева және Фотима Хайдарова күміс медаль жеңіп алса, Сайдджаббор Дадахонов, Жасур Илхомов, Бунёд Хайитмухаммедов және Тулкин Равшанов қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстанда өткен Азия чемпионатында өзбекстандық пара велоспортшылар 10 алтын, 3 күміс және 6 қола, жалпы 19 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленген еді.