Папуа-Жаңа Гвинеядағы тәртіпсіздіктерден 15 адам қаза тапты
Папуа-Жаңа Гвинеяда сәрсенбі күні басталған толқулар салдарынан 15 адам қаза тапты.
Австралия хабар тарату корпорациясының (ABC) хабарлауынша, ел астанасы Порт-Морсбидегі тәртіпсіздіктер салдарынан сегіз адам, Папуа-Жаңа Гвинеяның екінші үлкен қаласы Лаеде тағы жеті адам қаза тапты.
Жергілікті қауіпсіздік күштері түнгі тәртіпсіздікті «толық анархия» деп сипаттаған. Премьер-министр Джеймс Марапе азаматтарды көшеге шықпауға шақырған.