Panorama Airways жеке авиакомпаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ӨР Бас прокуратурасының ресми мәлімдемесіне орай, бұл жағдай ұмра сапары мәселесі байланысты.
Хабарда айтылуынша, Өзбекстан азаматтарының ұмра сапарынан алып қайту шараларын қолданбаған және басқа да өрескел заң бұзушылықтарға жол берген жеке әуе компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі Көлік прокуратурасы тергеп жатыр. Қылмыстық іс аясында 1 тұлғаға қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы қолданылған.
Бас прокуратура бұл іс бойынша тергеуге кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау мақсатында басқа ақпарат берілмейтінін мәлімдеген.
Бұған дейін ұмра зияратына барған бірнеше мың өзбекстандықтың Panorama Airways рейсінің кешігуіне байланысты Араб елінде бірнеше күн қалғаны хабарланған болатын. Сериялық мәселелерге тап болған әуе компаниясы 2-4 ақпанда басшылық құрамын жаңартып, 3 мыңнан астам жолаушыны үйлеріне қайтарды. Туризм комитеті туристік агенттіктерге ескерту жасап, қажыларға үндеу жасаған еді.