Пандемияның төндірген қаупіне қарамай Минскте әскери шеру өтті
Осыған дейін Лукашенко 9 мамыр күні әскери шеруді коронавирустың қаупі өршіп тұрғанына қарамай өткізетінін айтқан болатын
Бұрынғы Кеңес одағы құрамында болған елдерден тек Беларусь мемлекетінде ғана жеңістің 75 жылдық күніне орай әскери шеру өтті.
Шеруде мемлекет басшысы Алекстандр Лукашенко сөзге шығып: Ұлы Жеңіс мерекесінің тарихын 75 жыл бойы дәріптеп келе жатқан дәстүрді өзгерту идеясы тіпті біз үшін қолайсыз. Бізді айыптаушылар табылады. Бірақ менің оларға айтпағым шешім қабылдауға асықпаңыз, бізді, Жеңіс мұрагерлерін тіпті беларусьты айыптауға асықпаңыз. Біз басқаша жасай алмадық, деген.
Президент сонымен қатар әскери шеруден соң Минсктегі Жеңіс алаңында бүгінгі Жеңістің мерейтойлы датасына орай концерт бағдарламасы өтетнінде айтып өтті.
Осыған дейін Лукашенко 9 мамыр күні әскери шеруді коронавирустың қаупі өршіп тұрғанына қарамай өткізетінін айтқан болатын.