Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пандемияға арналған фотосурет «Жыл фотосы» үздігі атанды
16:19 / 2021-04-20

World Press Photo-2021 фотожурналистикасы байқауының жеңімпаздары анықталды. Онда Бразилиядағы коронавирус пандемиясының шарықтау шегі кезінде түсірілген фотосурет үздік деп табылды. Оны дат фотографы Мадс Ниссен түсірген.

2020 жылдың тамыз айында түсірілген атаулы фотосурет «Алғашқы қауышу» деп аталады. Бұл сурет 5 айлық карантиннен кейін түсірілген болып, мұнда Сан-Паулудағы қарттар үйіндегі медбикенің целлофан жабынғы арқылы 85 жасты Роза есімді әйелді құшақтап тұрғанын көруге болады. 

«Бұл фотосурет біздің өміріміздің өзгеше сәттерін мәңгілікке бейнелейді. Мен одан әлсіздікті де, сүйіспеншілікті де, жоғалтуды да, өлімді де, ең бастысы өмір сүруге деген ұмтылысты көрудемін. Мұның бәрі бір суретте аян берген. Егер сіз фотосуретке ұзақ қарап отырсаңыз, шарықтау мен үмітті бейнелейтін қанаттарды көре аласыз», - деген қазылар алқасының мүшесі Кевин Ли.

Фото: Mads Nissen/World Press Photo

Тіршілік қауымға қауіп төндірген коронавирустық пандемияға байланысты Бразилиядағы барлық қарттар үйі наурыз айынан бастап келушілерге жабық болды. Ал ондағы қызметкерлерге қарттармен байланысты барынша азайтуға тура келді. Міне, сол кезде қарттар үйіндегі осы мәселені шешудің өзгеше әдісі табылды: ол «қауышу» үшін қауіпсіз полиэтиленді целлофан пакеттен қорғаныш ойлап табылды. Ол қарттардың сүйіктілерін қайтадан құшағына алуға мүмкіндік беріп, бұл әдіс Бүкіләлемге танымал болған еді.

Фото: Evelyn Hockstein/World Press Photo 

Эвелин Хохштейннің Вашингтондағы Линкольн архитектуралық ескерткішін бұзу туралы даулы суреті Жаңалықтар санатында үздік деп бағаланды.