Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пандемия себеп әлемдік туризмнен түсетін табыс 500 миллиард долларға азаяды
10:59 / 2020-04-24

Әлемде миллиондаған туризм қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін


БҰҰ-ның Дүниежүзілік Туризм Ұйымы биыл бүкіл әлем бойынша туризм саласынан түсетін табыс көзі коронавирустық пандемияға байланысты 500 миллиард долларға азаюы және жаханда миллиондаған туризм қызметкерлері жұмыссыз қалуы мүмкін, деп мәлімдеді.

Коронавирустық инфекцияның жер бетіне таралу қаупі салдарынан халықаралық әуе бағыттары тоқтап, оның арқасында көптеген саяхаттық орталықтар жабылып нәтижеде туризм саласындағы механизмнің айтарлықтай бәсеңдеуіне әкеп соқты.

Қазіргі уақытта әлем елдерінің 96 пайызында оқшаулау шаралары қолданылған. Ал, 2019 жылы 2 миллиардқа жуық турист әлемнің басқа елдеріне саяхаттап, демалысты мазмұнды өткізген болса, биыл бұл көрсеткіш 30 пайызға аз болады. Бұл саладағы жұмыс жасайтындардың 80 пайызы шағын және орта кәсіпорындар болғандықтан, дағдарыстың нәтижесінде жеке адамдар мен олардың отбасылары күнкөріс қамқорлығынсыз қалуы мүмкіндігі жоғары.