Пандемия кезінде халықты негізгі азық-түлік өнімдерімен сенімді қамту және бағаның тұрақтылығын сақтау мәселелері жөнінде жиын өтті
Жиында эпидемиологиялық жағдай мен пандемияға байланысты процес жөнінде сөз айтылып, халықтың тұрмысына қажеттіліктерді қамту жайы айтылды
29 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пандемия кезінде халықты негізгі азық-түлік өнімдерімен сенімді қамту және бағаның тұрақтылығын сақтау мәселелері бойынша бейнеконференциялы жиын өткізді, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Жиын басында Мемлекет басшысы 27 сәуірге қараған түні Бұхара, Науаиы, Самарқанд, Қашқадария облыстарында орын алған табиғи апат салдарынан жеткен зардапты жою бойынша қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ ел аумағына коронавирустық инфекциямен күресу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстаға тоқталып:
-Баршаңызға белгілі кеше мен Бұқар облысына барып, болған жағдаймен жақыннан таныстым. Осы мәселе бойынша республикалық комиссиямен және жергілікті жауаптылармен бірлесе отырып, біз осы бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстарды егжей-тегжейлі талқыладық және тиісті шараларды анықтадық. Оның негізінде табиғи апаттардан зардап шеккен ұйымдар мен шаруа қожалықтарына, азаматтарға үкімет тарапынан барлық жағынан қолдау көрсетіледі. Қайталап айтамын, біз әрбір отандастарымызды немесе жанұяны осы күтпеген қайғылы жағдайға орай жалғыз қалдырмаймыз.
Эпидемиологиялық жағдай мен пандемияға байланысты процеске тоқталар болсақ, жалпы алғанда карантин шараларын дәл уақытылы жариялағанымызбен осыған халықтың шыдамдылығының арқасында көптеген аймақтарға оның тарауына жол бермедік.
Құрметті отандастар!
Осы тұста мен бір ойымды қоғамға, халқыма ашық айтқым келеді. Міне арадан бір жарым айдан астам уақыт өтсе де адамдар «Үйде бол» деген үндеуді ұстанғаннан кейін жалпы карантин жағдайында өмір сүруде. Отбасым, бал-шағам деп күндіз-түні тынымсыз еңбек ететін халқымыз үшін бұл қиын жағдай оңай өтіп жатқан жоқ.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде нағыз ерлік көрсеткен барлық дәрігерлерге, оның ішінде жедел жәрдем қызметкерлеріне және жүргізушілерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сонымен бірге құқық қорғау органдарына, ер-жүрек әскерлерге, министрліктер мен әкімдіктерге, ғалым-оқытушыларға және шығармашыл жандарға шын жүректен рақмет айтамын.
Қазіргі қиын жағдайда өз кәсіби міндеттерін адал атқаратын БАҚ өкілдеріне, адамгершіліктің үлгісін көрсете отырып, еріктілер қозғалысына қатысуға ниет білдірген жастарымызға шын жүректен өзімнің және халқымыздың атынан ризашылығымды білдіргім келеді.

Құрметті достар!
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануын ескере отырып, мамандармен кеңесе келе, біртіндеп карантиннен шығу үшін келесі қадамдарды жасайтын уақыт келді.
Ең алдымен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасын, ауа-райының жағдайларын және азаматтардың өтініштерінің көптігін ескере отырып, балалардың ата-аналарының сүйемелдеуімен қалалар мен аудандардағы көп қабатты үйлердің ішкі аулалары мен аудандарында серуендеуге рұқсат беру қажет. Мұнда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды талап етіледі.
Екіншіден, піскен ауылшаруашылық өнімдерінің жойылуын болдырмау үшін облысаралық және қалааралық қатнауды халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, фермерлер өсірген жемістер, көкөністер, бақша дақылдары мен көкөністерді жеткізуге және сатуға рұқсат беру қажет.
Үшіншіден, тұрғындар арасында аурудың төмендеген динамикасын ескере отырып, азаматтарымыздың жеке көлік құралдарын пайдалануына қойылған шектеулерді біртіндеп жеңілдеткен дұрыс деп санаймын.
Республикалық комиссия тиісті шектеу енгізген аумақтарда таңертеңгі 7:00-ден 10:00-ға дейін және кешкі 17:00-ден 20:00-ге дейін жеке көліктерді пайдалануға рұқсат беруі қамтамасыз етілсін, деді Мемлекет басшысы.