Палестинаның Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
2022 жылдың 28 сәуірінде Өзбекстан Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Палестинаның жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Джавад Мухаммад Авадты қабылдады.
СІМ мәліметінше, Владимир Норов сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап, елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады және жауапты дипломатиялық миссиясын атқаруда табыс тіледі.

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ БҰҰ, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар алдағы уақытта түрлі деңгейдегі бірлескен іс-шаралардың кестесі туралы пікір алмасылып, екі тарапты да қызықтыратын басқа да мәселелер туралы сөз болғаны айтылады хабарламада.