Палестинада жаңа үкімет ант берді
Премьер-министр Мұхаммед Мұстафа бастаған Палестинаның жаңа үкіметі жексенбі күні Иордан өзенінің батыс жағалауында ант қабылдады.
Жаңа үкімет құрамына 23 министр кірді, олардың кем дегенде алтауы Газа секторынан. М.Мұстафа бір мезгілде Сыртқы істер министрі қызметін атқарады.
WAFA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина президенті Махмуд Аббас наурыздың 14-і күні Палестина инвестициялық қорының басшысы және оның ұзақ уақыт экономикалық кеңесшісі болған М.Мұстафаға 19-шы үкіметті құруды тапсырған.