Палестина президенті Байденмен сөйлесуден бас тартты
Палестина президенті Махмуд Аббас Израильге барған АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесуден бас тартты.
ТАСС хабарлауынша, АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері қазанның 18-і күні екі ел басшыларының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырмақ болған, бірақ Палестина басшысы бұл өтініштен бас тартқан.
Естеріңізге сала кетейік, Джо Байденнің Израильге сапары Газа секторындағы әл-Ахли баптистер ауруханасына зымыран түскен күнге тұспа-тұс келді.