Палестина елшісі Өзбекстандағы дипломатиялық қызметін аяқтауда
Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Палестинаның Өзбекстандағы елшісі Жавад Мұхаммед Ауадты қабылдады.
«Еліміздегі қызметін аяқтап жатқан Палестинаның Өзбекстандағы елшісі Жавад Мұхаммед Ауад мырзамен жүздестік. Өзбекстан мен Палестина қатынастарын нығайту, халықтарымыз арасындағы достықты тереңдету жолындағы елші мырзаның еңбегіне шынайы ризашылығымызды білдіреміз», – деп жазды министр өз Telegram-арнасында.
СІМ басшысы Өзбекстан БҰҰ қарарларына сәйкес «екі халыққа – екі мемлекет» қағидасын жүзеге асырудың айнымас жақтаушысы болып қала беретінін жеткізген.
«Елші мырзаға алдағы қызметінде табыс тілейміз», – деген Бахтиёр Саидов.