French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пакьяо Конор Макгергормен жекпе-жек өткізуге дайын егер...
14:03 / 2020-10-07

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо UFC-дің супержұлдызы Конор Макгрегормен тек бір шартпен ғана рингке шығатынын айтты


Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо UFC-дің супержұлдызы Конор Макгрегормен тек бір шартпен ғана рингке шығатынын айтты. Ол осы жекпе-жектің ұйымдастыру құқығына ие болу.

Бокс әлемінде аты аңызға айналған 41 жасты былғары қолғап шебері бұл жекпе-жек жайлы өз шартын былай баяндайды: «Дәл қазір менің Paradigm Sports Management-пен келісімшартым жоқ. Мен өзімнің Pac Sports and Entertainment компаниясын құрдым және жанкүйерлерге қалағанын беруге дайынмын, яғни Конормен қызықты жекпе-жек өткізу. Бұл жекпе-жек мен осы шараның қосалқы промоутері болған жағдайда ғана рингке шығуға дайынмын»,-деген.

Еске салар болсақ, UFC-дің танымал спортшысы ирландиялық Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін бокс аңызына айналған филиппиндік Мэнни Пакьяомен жұдырықтасатынын мәлімдегеннен кейін боксшы бұл ұсынысты қабылдаған болатын және осы жекпе-жектен түсетін қаржының көп бөлігін коронавирустан жапа шекен филиппиндіктер үшін көмек ретінде беруін айтқан болатын.