English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пахтакор стадионы жабылды. Футбол алаңы бұзылып қайта салынбақ
14:52 / 2019-11-26

1956 жылы қабырғасы қаланған ұлттық стадионға осы күнге дейін екі мәрте реконструкция жұмыстары жүргізілген


«Пахтакор» клубының үй ойындарына арналған Ташкенттегі «Прахтакор» стадионы жабылды. Бұл алаң бұзылып орнына жаңа үлгідегі заманауй стадион бой көтермек.

Пахтакор стадионының жабылуына байланысты Өзбекстан Суперлигасының 25-турынан орын алған «Пахтакор» мен «Бунеткор» арасындағы 27 қарашаға белгіленген кездесу «Бунеткор» клубының ойын алаңында өтетін болады.

1956 жылы қабырғасы қаланған ұлттық стадион осы күнге дейін екі мәрте 1996 және 2008 жылдарда реконструкция жұмыстары жүргізіліп, алғашқы стадионның сиымдылығы 55 мыңнан 2008 жылғы қайта құру жұмыстары кезінде 33 мың жанкүйерге бейімделген болатын.

Қазіргі кезде «SFI Management Group» яғни «Пахтакор» клубы демеуші компаниясы жаңадан бой көтерер алаңның жобасын таңдау үстінде. Жақын арада жаңа дизайнды стадионның жобасы таңдалып, стадион бұзылатын болады. Ал жаңа бой көтерер алаңнын құрылысы 2020 жылға жоспарланған.

«Пахтакор» клубы стадионның бұзылуына байланысты 2020 жылғы маусымдық үй ойындарын Ташкенттегі «Жар» стадионында өткізетін болады.