English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың ұрланған картиналары Бельгиядағы жертөледен табылды
10:34 / 2024-01-19

Бельгияның Антверпен қаласындағы ғимараттың жертөлесінен Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың ұрланған туындылары табылды.

«Tête» және «L'homme en priere» деп аталатын туындылар 2010 жылы Израиль азаматының коллекциясынан ұрланған. Қылмыскерлер суреттермен бірге үйден 680 мың доллар тұратын зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Бірақ суреттер жасырылған жерден зергерлік бұйымдар табылмады.

Бельгияның құқық қорғау органдары хабарлаушының шағымынан кейін тергеуді бастаған.

Оның айтуынша, күдікті екі суретті де сатпақ болған, содан кейін полицейлер оның ізіне түсіп, қамауға алған. Қазір ұсталған азаматтың картиналарды ұрлауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Reuters дерегінше, екі суретшінің картиналарының жалпы құны 900 мың долларға бағалан.