Оңтүстік Кореяның жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оңтүстік Кореяның ұлттық әуе күштерінің КА-1 жеңіл шабуыл ұшағы елдің солтүстік-шығысында апатқа ұшырады.
Yonhap ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оқиға Сеулден шығысқа қарай 140 шақырымдай жерде орналасқан Ганвон провинциясының Хвенсон округінде болып, екі ұшқыш та ұшақтан катапулта жасап үлгерген.
Дереккөз хабарынша, әзірге бейбіт тұрғындардан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Әскери билік апаттың нақты себебін анықтап жатыр.