Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін
Оңтүстік Кореяда арнайы прокурорлар тобы 2024 жылғы желтоқсанда енгізілген әскери жағдайға байланысты бұрынғы президент Юн Сок Ёлге өлім жазасын тағайындауды талап етті.
Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлады.
Атап өтілгендей, қорытынды сот отырысы Сеулдің Орталық аудандық сотында өткен.
Ел прокуратурасы бұрынғы президентті сот және заң шығарушы билік тармақтарын бақылауға алу арқылы билікті сақтап қалуға тырысқан мемлекеттік төңкеріске жетекшілік етті деп айыптап отыр.
Айта кетейік, 2024 жылғы желтоқсанда Юн Сок Ёл «КХДР-ды қолдайтын күштерді жою қажет» екенін алға тартып, елде әскери жағдай жариялаған. Алайда бірнеше сағаттан кейін парламент әскери жағдайды жойып, депутаттар президентке импичмент жариялау үшін дауыс берді. Осыдан кейін Юн Сок Ёл биліктен шеттетіліп, қамауға алынды.