Оңтүстік Кореядағы Өзбекстан елшілігі өзбекстандықтарға ескерту жасады
3 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жарияланды. Осыған байланысты елдегі Өзбекстан елшілігі осы елде жүрген өзбекстандықтарға ескерту жариялады.
«Қазіргі уақытта елде туындап отырған ішкі саяси жағдайға байланысты сіздерді Оңтүстік Кореяда түрлі митингтер мен шерулерге қатыспауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, өзіңіздің жеке қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңызды қорғауға шақырамыз», – делінген хабарламада.