Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда «Азаматтық күш» партиясының жетекшісі Юн Сок Ёл жеңіске жетті.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 9 наурызда өткен президенттік сайлауда корей халқының 77,1 пайызы қатысып, тіркелген 44,19 миллион сайлаушының 34 миллионнан астамы дауыс берген.
Сайлау қорытындысы бойынша, «Азаматтық күш» партиясының жетекшісі Юн Сок Ёл 48,56 пайыз дауыс жинаған болса, оның басты бәсекелесі биліктегі «Тобуро» демократиялық партиясынан Ли Чжэ Мён 47,83 пайыз дауыс алған.
Ұлттық жиналыста (парламентте) партия жетекшілерінің алдында жаңадан сайланған президент өз сөзінде ел азаматтарының бірлігін нығайтуды өзінің басты басымдығы деп санайтынын атап өтіп, қолдау көрсеткен қолдаушыларға алғысын білдірген. Юн Сок Ёл мемлекет басшысы ретінде «Конституция мен Ұлттық жиналыстың рухын құрметтейтінін, оппозициямен бірлесіп жұмыс істейтінін және халыққа қызмет ететінін» жеткізіп, өзінің сайлануын «ұлы адамдардың жеңісі» деп атаған.
Ли Джэ Мён сайлаудағы жеңілісін мойындап, қарсыласын құттықтады. «Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ үмітімді ақтай алмадым», - деген ол.