Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбырдан 11 адам қаза тапты
Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жауын салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы сегіз адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Табиғи апаттарды басқару және қауіпсіздік жөніндегі орталық штабтың мәліметі бойынша, Сеулде алты, Кёнги провинциясында үш және Канвон провинциясында екі адам қаза тапқан.
Yonhap-агенттігінің хабарлауынша, жоғалған сегіз адамның үшеуі Сеул тұрғындары.
Корея метеорологиялық басқармасы елдің орталық аймағында, соның ішінде Чунчхон-Намдо провинциясында жауын-шашын сағатына 30-40 миллиметрге жетуі мүмкіндігі туралы ескерту жасаған.