English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореяда толассыз жауған жаңбыр салдарынан қаза болғандар 14-ке жетті
09:36 / 2022-08-15

Оңтүстік Кореядағы рекордты деңгейде жауған жаңбырдан қаза болғандар саны 14-ке жетті.

Рёнхап агенттігінің хабарлауынша, олардың сегізі Сеулде, төртеуі Кёнги провинциясында, екеуі Ганвон провинциясында қайтыс болған.

Соңғы дерекке сай, жоғалғандар саны алтау. Елде жауған нөсер салдарынан 7480 адам эвакуацияланған.

Сеулде дүйсенбіден сәрсенбіге дейін 525 мм жауын жауып, 3 мыңға жуық ғимарат су астында қалған. Олардың көпшілігі Сеулде 

Ел астанасынан 45 шақырым жерде орналасқан Янпхёнг қаласында да 526,2 мм дейін жауын жауған.