English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырады
11:05 / 2025-05-30

Оңтүстік Корея Әскери-теңіз күштеріне тиесілі P-3C патрульдік ұшағы апатқа ұшырады.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бұл ел Қарулы күштеріндегі P-3C үлгісіндегі ұшақтың алғашқы апатқа ұшырауы ретінде тіркелген.

Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, жаттығу рейсі аясында Пхохангтағы авиабазадан сағат 13:43-те әуеге көтерілген ұшақ 13:49-да белгісіз себептермен апатқа ұшыраған.

Ұшақ бортында төрт экипаж мүшесі болған: олардың екеуі — офицер, екеуі — унтер-офицер. Оқиға орнында үш адамның мәйіті табылып, олардың екеуінің қаза тапқаны ресми түрде расталды.

Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы тергеу тобы құрылған.
«Оқиға орнына 17 техника мен 40-қа жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды», — делінген хабарда.

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Ли Чжу-Хо қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Ким Сон-Хоға апат орнындағы құтқару жұмыстарын жеке бақылауға алып, қоршаған ортаға келетін зардаптарды азайту шараларын қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея Әскери-теңіз күштері қару-жарағында 16 дана P-3C ұшағы бар. Алғашқы 8 ұшақ елде 1995 жылы пайдалануға берілген.