Оңтүстік Кореяда ұшатын такси сынақтан өтті
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде қалалық әуе көлігін 2025 жылға қарай коммерциаландыру бағдарламасы аясында ұшар такси сынақтан өтті.
«The Korea Herald» ақпарат көзінің хабарында айтылуынша, ұшатын такси сынақты рейсін Сеулдің жоғарғы орталық бөлігінде өткізіп, жеті минутқа жуық әуеде қалықтаған. Осы аралықта әуе көлігі 50 метрлік биіктікте 1,8 шақырым жылдамдықпен ұшқан.
Сынақты ұшу болғандықтан жоба жеткешілері құрылғыға жолаушыларды шығармай, орнына 70 келі күріш салынған қап қойғаны айтылады.
<iframe width="609" height="376" src="https://www.youtube.com/embed/J7at3JA6Xnc" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>Бұдан бөлек, шара аясында кореялық «Hyundai Motor» және «Hanwha Systems» фирмалары да отандық өнімі, ұшқышсыз ұшақтарының модельдерін көрсетті.