Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау науқаны басталды
13:51 / 2022-02-15

15 ақпанда Корея Республикасында президенттік сайлау жарысы ресми түрде басталды.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, үш апта бойы саяси партиялар мен тіркелген кандидаттар қоғамдық орындарда көліктер мен дауыс күшейткіштер арқылы сөз сөйлеп, плакаттар іліп, баспа өнімдерін тарата алады. 

Кандидаттарға газеттерде және теледидарда хабарландырулар орналастыруға, радио мен теледидарда сөз сөйлеуге, интернетте БАҚ сайттарында сайлау алдындағы жарнамалық роликтерді жариялауға рұқсат берілген.

ОСК мәліметінше, сайлауға қатысу үшін жалпы 14 кандидат тіркелген. Заңға сәйкес, сайлау бюллетеньіндегі кандидаттың саны ол ұсынылған партияға жататын Ұлттық жиналыстағы (парламенттегі) депутаттық мандаттардың санына сәйкес тағайындалады.

Ең көп орынға ие биліктегі Тобуро демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён бірінші орынға ие болған.

Корея Республикасындағы президент сайлауы 9 наурызға белгіленген. Қазіргі мемлекет басшысы Мун Чжэ Ин бұл сайлауға қатыса алмайды, өйткені конституция президенттің өкілеттігін бір бес жылдық мерзіммен шектелген.