Оңтүстік Кореяда Премьер-министр президент қызметіне қайта келді
Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Премьер-министр Хан Дак Суға қатысты импичментті жойып, оның ел президентінің міндетін атқарушы ретіндегі өкілеттігін қалпына келтірді.
Бұған дейін Президент Юн Сок Ёль әскери жағдай енгізуге тырысқаны үшін қызметінен шеттетіліп, оның орнына уақытша Хан тағайындалған болатын. Алайда екі аптадан кейін оған да парламент импичмент жариялаған еді.
Енді Конституциялық сот Ханға қатысты шешімді жарамсыз деп танып, оның билікке қайта оралуына жол ашты.