Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа толқыны тіркелді
Оңтүстік Кореяда коронавирустың жаңа толқыны басталды. Елде төрт күннен бері 18 мыңнан астам азаматта инфекция анықталған.
Корей ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің дерегінше, аурудың жаңа толқынына қатысты жағдай қатты алаңдатуда.
Соңғы төрт күн ішінде Оңтүстік Кореяда күнделікті ауру жұқтырғандар саны 18 мыңнан асқан. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш күніне 10 мыңнан аз еді.
Денсаулық сақтау органдары елдің «коронавирустың жаңа толқынына тап болғанын» атап өтті.
Мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 19,3 мың жаңа жағдайы тіркелген. Жалпы ауру жұқтырғандар саны 18,5 миллионға жетіп, бүгінге дейін 24,6 мың науқас қайтыс болған.